Жарияланды: 460

«Алматы-Ақтөбе» жолаушылар пойызында 5 келі марихуанамен есірткі курьері ұсталды

«Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жедел-іздестіру жұмыстарын өткізу кезінде көліктегі полиция қызметкерлері «Алматы-Ақтөбе» жолаушылар пойызында 30 жастағы есірткі курьерін ұстады.

Ақтөбе стансасындағы Желілік ішкі істер бақармасының баспасөз қызметінен хабарланғандай, ұсталған азамат Ақтөбе тұрғыны болып шықты. Одан 5,5 келі марихуана табылып, тәркіленді. Анықталғандай, есірткі курьері есірткіні Алматы қаласынан Ақтөбе қаласына жеткізбек болған. ҚР КҚ-нің 259-бабы, 1-бөлімінің 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін