Алматы-Астана тас жолында автобус дөңгелегін ауыстырмақ болған жүргізуші мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы-Астана тас жолында автобус дөңгелегін ауыстырмақ болған жүргізуші мерт болды

Алматы-Астана тас жолында автобус дөңгелегін ауыстырмақ болған жүргізуші мерт болды

Оқыс оқиға Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында Алматы-Астана тас жолының 463-ші шақырымында орын алды, деп хабарлады аймақтың ТЖД баспасөз қызметінен.

  • 1 Маусым 2015
  • 581
Фото - Caravan.kz


«46 жастағы жүргізуші жүргізген қалааралық «Мерседес-303» жолаушылар автобусында ақаулық туындаған. Оның артқы дөңгелегін ауыстырып жатқан кезде жүргізуші автобус астында қысылып қалған. Ол оқиға орнында көз жұмды», — деп хабарлады ведомстводан.

Оқиға орнына Қарағанды облысы Приозерск қаласының 1-ші өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері мен Мойынқұм АІІБ жедел-тергеу тобы шықты. 
Жүргізушінің мәйіті Жамбыл облысы Шу қаласының мәйітханасына жіберілді. 
Жетісай-Астана бағытымен жүрген автобус оңтүстікқазақстандық «Бейбарыс Транс Сервис» ЖШС-іне тиесілі болып шықты. Автобус салонында 55 жолаушы болған. Олардың барлығы бара жатқан жерлеріне жол-жөнекей көліктермен жіберілді, деді облыстық ТЖД-інде.