Қалалық ІІД-тінде отбасында әйелдер мен балаларға күш көрсететін жағдайлардың жолын кесу үшін шаралар қолға алынды
Айта кетейік, Алматыда 10 мен 12 қыркүйек аралығында «Менің отбасымның протреті» деген тақырыпта жанұялық құндылықтарды дәріптейтін «Лекциялық жоба» өткізіліп жатыр.
«Акцияның басты мақсаты — тұрғындардың полицияға деген сенімін арттыру, әйелдер мен балаларға күш көрсетілетін жағдайлардың алдын алу, азаматтардың заң турасындағы білімдерін арттыру. Сонымен қатар, қаламыздағы сенім телефондарын хабарлау», — деді Алматы қаласы әкімшілік полиция басқармасының әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықпен күресу басқармасының полиция полковнигі Майя Тоқсанова.