Алматыда 2009 жылы журналисті өлтірді деп күдік келтірілген қырғыз арнайы қызметінің екі қызметкері ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 2009 жылы журналисті өлтірді деп күдік келтірілген қырғыз арнайы қызметінің екі қызметкері ұсталды

Алматыда 2009 жылы журналисті өлтірді деп күдік келтірілген қырғыз арнайы қызметінің екі қызметкері ұсталды

Қырғызстан мемлекеттік ҰҚК екі қызметкері 2009 жылы желтоқсан айында Алматыда қырғыз журналисі Геннадий Павлюкті өлтіруге қатысты, деген айыппен жауапқа тартылып отыр.

  • 7 Сәуiр 2014
  • 397
Фото - Caravan.kz

Күдіктілер 5-сәуір күні ұсталды, олар мемлекеттік ҰҚК тергеу изоляторында, деп хабарлады дүйсенбіде "Интерфакске" Қырғызстан бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Ұсталғандарға қатысты материалдар Бішкекке 5-сәуір күні Қазақстан бас прокуратурасынан түсті, деп хабарлады Қырғызстан бас прокуратурасынан.

Алматы ауданаралық соттың 2011 жылғы 10 қазан күнгі үкіміне орай журналисті өлтіруі фактісі бойынша мемлекеттік ҰҚК бұрынғы қызметкері Алдояр Исманқұлов және Қазақстан азаматтары А.Игіліков пен Ш.Орозалин сотталған.

Г.Павлюк Қырғызстанның екінші президенті Құрманбек Бакиев туралы сыни материалдар жазатын. Алматыға сапары барысында 2009 жылы 16-желтоқсанда оны қонақ үйдің терезесінен лақтырып жіберген. Ол есін жимастан екі күннен соң қаза болды.