Алматыда 25-қыркүйек күні жер сілкінісі бола қалған жағдайда халыққа қалай хабар тарату керек, соған қатысты жалпы қалаға ортақ сейсмикалық жаттығу өтпек, деп хабарлады ТЖ қалалық департаментінің баспасөз қызметінен.
Жаттығу барысында қатты жер сілкінісі бола қалған жағдайда халыққа қалай хабар тарату керектігі пысықталмақ, делінген дүйсенбіде Алматыда ТЖД таралған ақпаратта.
Сейсможаттығудың басталғандығы туралы ақпарат хабарлау жүйесі арқылы "Бәрінің назарына" деген дабылмен берілмек, электр сиреналары қосылмақ және телевизия мен радио каналдары арқылы хабарлар таратылмақ.