Алматыда 300-ден астам үй, бес шағынаудандағы ауруханалар, мектептер мен балабақшалар жылусыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 521.57
  • 601.01
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 300-ден астам үй, бес шағынаудандағы ауруханалар, мектептер мен балабақшалар жылусыз қалды

Алматыда 300-ден астам үй, бес шағынаудандағы ауруханалар, мектептер мен балабақшалар жылусыз қалды

Өткен тәулікте Алматыда «АлЭС» ЖШС-нің мәліметтеріне қарағанда, 800 мм диаметр көлемде жылу құбыры жарылды,

  • 19 Желтоқсан 2012
  • 481
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады «Алматы қаласының құтқару қызметі» МҚКК-ның баспасөз қызметінен.

Құбырдың жарылуы салдарынан жылудан ажыратылды: 4-ші және 5-ші Ақсай шағынаудандары — 42 тұрғын үйге жылу беру тоқтатылды, № 10 емхана, 1, 2 және 3-ші Жетісу шағынаудандары — 4 170 үй жылудан ажыратылды, 1-ші және 3-ші шағынаудандарында 38 үй жылусыз қалды, соның ішінде 9 мектеп пен 6 балабақша бар, Қалқаман шағынауданында көпқабатты 18 үй мен 46 жекеменшік үйге, сондай-ақ №1, №7 қалалық клиникалық аурухана мен 46 өндірістік нысанға жылу беру тоқтатылды.

Апатты жою үшін «АлЭС» ЖШС-нің 28 адамынан құралған екі бригада мен 7 техника жөнелтілді. Сондай-ақ «АлЭС» ЖШС-нен қосымша күштер мен жабдықтар құрылды, Алматы қаласының ІІД-нен жол полициясы экипажы, «Алматы қаласының құтқару қызметі» МҚКК-нан 5 адамнан құралған құтқарушылар экипажы, Алматы қаласы бойынша ТЖД-дан 6 адамнан құралған жедел топ жебірілді.

Апат салдарын жою уақыты шамамен сағат 6-дан 12-ге дейін.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жөнінде ақпарт әзірге түскен жоқ.