Оның айтуынша, Әуезов ауданындағы №2 үйдің 4-қабатындағы пәтер өртенген.
Қызыл жалын үш бөлмелі пәтердің ішіндегі тұрмыстық заттарды, жиһаздарды зақымдаған. Өрт 15 шаршы метр жерді шарпыды.
Аталған үйден 20 адам, оның ішінде 6 бала қауіпсіз жерге көшірілді.
Өрт сөндірушілер 15 минуттың ішінде тілсіз жауды ауыздықтады.