Куәгерлердің айтуынша, апат мопед жүргізушісінің кесірінен болыпты. Ол қатарласып келе жатқан көліктің алдын орап кеткен. Одан қашам деген «Мицубиши Делика» 6 бірдей машинаны соғып бір-ақ тоқтады. Жүргізушілер өз көліктерін қарап, естерін жиып жүргенде мопед тізгіндеген азамат оқиға орнынан ізін суытып үлгеріпті. Оқиғаның нақты себеп-салдарын тәртіп сақшылары анықтап жатыр.