Алматыда адам өміріне қауіп туғызатын сайт жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда адам өміріне қауіп туғызатын сайт жабылды

Алматыда адам өміріне қауіп туғызатын сайт жабылды

Алмалы аудандық прокуратурасы интернет кеңістігіндегі жасөпірімдердің өміріне аса қауіп тудыратын ресурсты жапты.

  • 10 Маусым 2015
  • 540
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы қалалық прокуратурада өткен жиын барысында Алмалы аудандық прокуратурасының бөлім басшысы Қасымбаев Ерлан хабарлады.

Оның айтуынша, «Собачий кайф» атты сайтта адам өміріне аса қауіпті ойындар көрсетілген 108 бейнеролик тіркелген.

«Роликтерде жасөспірімдер бір-бірін қылқындырып, қысқа мерзімге естен танып, аяқ-қолдары дірілдей бастайды. Олар ұйқы артериясын жаншып, естен танудан рахат алады. Олардың кейбірі өзін дер кезінде тоқтата алмай өліп кетіп жатады. Біздің жүргізген мониторинг бойынша бұған ұқсас 108 сілтемені 200 мыңға жуық адам тамашалаған. Оны көріп қызықтаушы жастардың саны артып келеді», — деді Е.Қасымбаев.


Оның айтуынша, бүгінде қалалық прокуратура Қазақстан азаматтарының әлеуметтік, экономикалық құқықтарының сақталуын қатаң бақылауда ұстап отыр. Адам өміріне қауіп туғызатын осындай сайттармен күрес — оның бір бөлігі.

«Сөйтіп, бірнеше жеке тұлғалардың заңды құқықтары мен мүддесін қорғау мақсатында сайттың жұмысын тоқтату үшін аудан прокуратурасы сотқа арыз берген. Алмалы аудандық соты прокурордың талап-арызын толығымен қанағаттандырып, сайт бүгінде Қазақстан территориясында жұмыс жасамайды», — деді бөлім басшысы.