Алматыда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының VII отырысы басталды (толық нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының VII отырысы басталды (толық нұсқасы)

Алматыда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының VII отырысы басталды (толық нұсқасы)

Алматы. 28 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда бүгін хатшылық басшысы, Қазақстан парламенті сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының VII отырысы басталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 28 Қазан 2008
  • 596
Фото - Caravan.kz

Хатшылық жұмысына әлемдегі түрлі конфессиялар мен діни ұйымдардың өкілдері қатысуда.

Бұл отырыста Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері ІІІ съезінің тақырыбы мен күн тәртібі жөніндегі ұсыныстарды талқылау көзделіп отыр. Сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері ІІІ съезінің қорытынды құжаттарын белгілеу және әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құруға, хатшылықтың VII отырысының хаттамасын қабылдауға қатысты мәселелер қаралатын болады.

«Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері ІІІ съезінің жалпы отырысында «Жаһандану жағдайында төзімді әлем құруда дін көшбасшыларының атқаратын рөлі» тақырыбын арқау етуді ұсынамыз»,- деді Қ.Тоқаев.

Сондай-ақ, хатшылық басшысы келесі форумды 2009 жылдың қыркүйек айынан 2009 жылдың 14-15 қазанына немесе 5-6- шілдесіне ауыстыруды ұсынды. Өйткені келесі жылдың қыркүйек айы мұсылмандардың діни мерекесіне сәйкес келеді, деді ол.

Отырысқа ислам, христиандық, буддизм, иудаизм, синтоизм, даосизм, индуизм өкілдері, сондай-ақ, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар