Гемофилия – тұқым қуалау арқылы балаға өтетін аты жаман ауру. Қанның сұйылуы көбіне ер адамдар да жиі кездеседі екен. Бұл ем қонбайтын дерттен адам қансырап өліп кетуі де мүмкін. Яғни, алған кез-келген жарақаты қауіпті. Алматы облысында бұндай қайғылы жағдайдан 36 жастағы азамат марқұм болған екен. Десе де, қазір ақ халаттылардың үздіксіз тырысуларынан кейін жағдай біршама жақсарған.
Сәуле Қыстаубаева, Алматы қалалық №7 клиникалық ауруханасы Гемофилия бөлімінің меңгерушісі:
— Біздің ауруларға тек гемотолог керек емес. Оларға лабаратория керек тәулік бойы істейтін, ренген, компьютер, МРТ керек. Врач, травматолог керек. Осы көмектің барлығы біздің ауруханада тәулік бойы істейді.
Аталған медициналық көмектің барлығы бүгіннен бастап бір орталықта. Бұған дейін науқас әр дәрігердің еміне мұқтаж болып, қала ішінде шарқ ұрса, енді гемофилия бөлімшесінен кез-келген шұғыл көмегін ала алады. Тіпті, тіс дәрігері де бар. Күндіз дәрі-дәрмегін қабылдаймын дегендерге 13 орын да әзір тұр.
Жаңа орталықтың ашылғанына ақ халаттылармен қоса қарапайым тұрғындар да мәз. Алды тіпті маман кеңесін тыңдап, емделулерін бастап кетті. Айта кету керек, әлем бойынша ақ қан ауруымен тіркелген 400 мыңнан астам науқас бар, оның 771-і қазақстандық екен. Ал тек Алматы қаласы бойынша 69 ересек аурады.
Тамара Рыбалова, «Гемофилиямен ауыратын науқастардың Қазақстандағы қауымдастығы» қоғамдық қорының президенті:
— Елімізде гемофилиямен ауратын адамдарға жақсы ем көрсетіліп жатыр. Тіпті, ол жағынан көршілес Ресейден де алдамыз. Өйткені, бізге қажетті дәрі-дермектің барлығы тегін берілуде.
Науқастарға мүмкіндігінше көмек көрсетуге тырысып баққан мамандар биыл қосымша «емдеріне» деп тағы 8 млрд. теңге жұмсапотыр.