Төртінші рет өткізілгелі жатқан байқау – осы заманғы әдебиетімізді дамытуды көздейтін бірден-бір жоба. Биыл оған біршама өзгеріс енген. Ұйымдастырушылар «Жылдың үздік сатирасы», «Жылдың үздік фантастикасы мен детективі» сынды жаңа аталымдарды енгізіпті. Бұған қоса, жоба аясында қазақ әдебиетін насихаттайтын интернет-портал ашылып, жұмысын бастапты. Қатысушылардың шығармалары осы сайтта жарық көреді. Ал үздік шығарманы жаңа интернет-порталдың оқырмандары анықтайды. Байқау қорытындысы алдағы күзде жарияланбақ.