Жарияланды: 470

Алматыда әр елдің ғалымдары мен сарапшылары еліміздегі БАҚ-тардың даму ағымдары мен қазіргі ахуалы туралы талқылайды

27-28-қарашада Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде "Алматы 10+ : азаматтық қоғам, тәуелсіз баспасөз және этика" тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі. Шараны ЮНЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының қолдауымен ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазҰУ-нің баспасөз қызметінен.

Жобаның мақсаты соңғы 10 жылдағы еліміздегі БАҚ-тардың даму ағымдары мен қазіргі ахуалы туралы талқылап, БАҚ-тардың жаңа азаматтық қоғам талаптарына сай келу критерийлерін белгілеу болмақ. Бас қосуда БАҚ туралы заңды жетілдіру, кәсіпқой журналистер дайындауды дамыту, журналистер қамтамасыздығын қамтамасыз ету, қоғамдық телерадиохабарларын таратуды дамыту, жаңа тәуелсіз БАҚ-тарды дамыту жолындағы экономикалық кедергілерді айқындау мәселелері басты тақырып етіп алынады. Дөңгелек үстелге журналистер құқығы жөніндегі мәселелермен айналысушы жетекші мамандар, алыс шетелдер, Ресей мен Орталық Азия республикаларының БАҚ саласындағы зерттеулермен айналысатын ғалымдары, парламент пен үкімет өкілдері, БАҚ басшылары қатысады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін