Алматыда "Арман" кинотеатрының маңында төбелескендер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда "Арман" кинотеатрының маңында төбелескендер ұсталды

Алматыда "Арман" кинотеатрының маңында төбелескендер ұсталды

Алматыда № 12 бағытта жүретін автобустың кондукторы мен жүргізушісі жолаушылармен төбелескен, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

  • 30 Қазан 2017
  • 191
Фото - Caravan.kz


Оқиға 19 қазанда Алматы қаласының Медеу ауданында болды. Төбелес туралы "102" кезекші бөліміне түскеннен кейін жол-патрульдік полициясының экипажы келді. 

Алдын ала мәлімет бойынша, 12 бағытта жүретін автобустың жолаушылары мен кондуктор арасында жол ақысын төлемегені үшін жанжал шыққан. 

Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша жүріп жатыр. Қылмыстық істің материалдары біздің бөлімнің тергеу қызметкерлерінің қолында. Төбелеске қатысқан екі адамның кім екендері анықталды, бұл 1987 жылғы автобус жүргізушісі және 1994 жылғы кондуктор. Қазіргі уақытта олардан сұрау алынып жатыр", — деді Медеу аудандық ІІБ басшысы Болат Тотыбаев. 
 

Соңғы жаңалықтар