Жарияланды: 450

Алматыда аса ірі көлемде валюта алып шығуға жасалған үш әрекеттің жолы кесілді

Алматы. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда аса ірі көлемде валюта алып шығуға жасалған үш әрекеттің жолы кесілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы қалалық Кедендік бақылау департаментіне (КБД) сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 10 қыркүйекте Алматы Халықаралық әуежайында КБД қызметкері шекаралық бақылау отрядымен бірлесе отырып ҚХР -ның 44 жастағы азаматын ұстады, одан кедендік бақылаудан өткеннен кейін декларацияда көрсетілмеген және ауызша да хабарланбаған 23490 АҚШ доллары мен 750 Қытай юані табылып тәркіленді. "12 қыркүйекте Алматы кеденшілері тағы да шекарашылармен бірлесе отырып кедендік бақылаудан кейін Дубаи қаласына бет алған 30 жастағы Қырғызстан азаматшасын ұстады, одан $22 900 көлемінде декларацияда көрсетілмеген ақша табылды. 13 қыркүйекте Алматы-Стамбул бағытындағы рейпен өз еліне бет алған 41 жастағы Түркия азаматынан декларацияда көрсетілмеген және ауызша хабарланбаған 40 мың АҚШ доллары, 25 евро және 200 түрік лирасы табылып тәркіленді. Бұл деректер бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде. Қазақстан заңнамасына сәйкес, елден 10 мың АҚШ долларынан жоғары көлемде қолма-қол шетел валютасын шығарған кезде олардың заңды шығу тегін растайтын бірқатар рұқсат құжаттары керек. Оған "200" немесе "210" формалы кіріс декларациясы, не болмаса ақшаны елге алып кіргені туралы кеден белгісі бар кедендік декларация қажет. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть