Алматыда Асанәлі Әшімовті соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Асанәлі Әшімовті соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтті

Алматыда Асанәлі Әшімовті соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтті

Асанәлі Әшімовті соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтіп жатыр.

  • 23 Желтоқсан
  • 5
Stan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Рәсім Алматыдағы Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрында ұйымдастырылған. Жиынға мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Мәдениет министрі Аида Балаева мен қала әкімі Дархан Сатыбалды арнайы келді.

“Құдайға шүкір мақтанып айтатын, нар тұлғалы ағаларымыз осы залда да отыр. Асанәлі атамыз солардың алды болған еді. Өзі асқақ, ақсар еді. Өзі де ірі, сөзі де ірі, ісі де ірі болатын. Осындай нар тұлғалардан үлгі алып, біз де ірі болайық. Алып тұлғалардың лайықты жалғасы болайық. Бір болайық биік болайық. Асанәлі ағамыздың жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!”, – деді Ерлан Қарин. 

Жазушы Смағұл Елубай да Асанәлі Әшімовтың халқына сіңірген еңбегі зор екенін алға тартты. 

“Ол батырлардың бейнесін сомдады. Сол батырлар арқылы бізді тәрбиеледі. Сол фильмдердегі Асанәлі сомдаған бейнелер арқылы біз тәрбие алдық қалыптастық. Сондай батыр болғымыз келді және Қазақстан тәуелсіз болса екен дедік. Асанәлідей алып тұлғаның халқына сіңірген еңбегі осы деп білемін. Жатқан жері жарық болғай, топырағы тоқа болғай ағамыздың. Алла алдынан жарылқап, жаны жәнната болсын”, – деді Смағұл Елубай. 

“Асанәлі аға мен өз өнер жолымды бастағанда үлкен ұстаз болды. Ол кезде ол атақты актер еді. Қаншама киноға түсіп, қаншама рөлдерді сомдады. Оларға қарап мен де тырыстым. Артына үлкен із қалдырды”, – деді Меруерт Өтекешова. 

.Қымбат Әбділдақызы да актердың лайықты тұлға болғанын алға тартты. 

“Театрдағы жағымсыз рөлдерінің өзі халыққа тәрбие беріп тұратын. Қазақ қандай, қазақтың ер азаматы қандай, тұлғасы қандай дегенге Асанәлі ағаның бүкіл болмысы сөйлемей-ақ, қасы қабағы, басынан аяғына дейін жауап беріп тұратын. “Міне, қазақ” дегізіп. Қазаққа бұл үлкен жоғалту. Асанәлі ағаның адамшылық қасиетінің өзі қандай еді. Қалада жүріп, ауыл ақсақалдарының қасиетін ұмытпайтын. Өзі дана болып жүріп, баладай мейірбан, пәк көңілімен әзілін де, қалжыңын да айтатын сөзін де жүрекке жеткізіп, айтатын”, – деді Қымбат Әбділдақызы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Асанәлі Әшімовтің туыстарына көңіл айтты

“Асанәлі Әшімов бүкіл саналы ғұмырын театр және кино саласына арнап, төл мәдениетіміздің көкжиегін кеңейтуге өлшеусіз үлес қосты. Ол көптеген образдарды шебер сомдап, көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленді. Cахна саңлағы әрі кәсіби киногер ретінде соңына өшпес із қалдырды. Жас өнерпаздарға бағыт-бағдар беріп, рухани сабақтастықтың сақталуына зор еңбек сіңірді. Өрелі өнердің туын биік ұстап, өнегелі ғұмыр кешкен Асанәлі Әшімовтің жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде сақталады”, – деп жазылған жеделхатта.

Перейти к новостям спорта