Алматыда аты шулы барахолканың өртенуі бойынша сот шешімі шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда аты шулы барахолканың өртенуі бойынша сот шешімі шықты

Алматыда аты шулы барахолканың өртенуі бойынша сот шешімі шықты

Бүгін сот барахолканың өртенгені үшін айыпталып отырған С.Хайранов пен «Құлагер» ЖШС директоры Алдабергеновке сот үкімін шығарды.

  • 10 Сәуiр 2014
  • 441
Фото - Caravan.kz

Сот Хайрановты 3 жыл бас бостандығынан шектеу, яғни шартты түрде бас бостандығынан айыру, "Құлагер" ЖШС директоры Алдабергеновті 4 жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды.

"Ал сотқа шағымданған 13 саудагердің өртенген мүлкі қайтарылуы нейғабыл. Өйткені, олардың мүлкінің заңды құжаты жоқ. Барлығы қытай тілінде. Ол туралы жаңа өндірістік іс қозғалып, азаматтық сотта қарастырылатын болды", — деді қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет.

Бүгін Алматыда Жетісу аудандық сотында барахолканың өртенуі бойынша үкім шығарылды.

Мүлкі өртенген барахолка саудагерлері сот шешіміне таңданып отыр

Сот шешіміне сәйкес мүлкі өртенген саудагерлердің шығынын қайтару мәселесі енді жеке өндірістік іс бойынша қаралады.

«Судья шешім шығарар кезде саудагерлердің тауар құжаттарының қытай тілінде екендігін ескерді. Сондықтан осындай шешім шығарды. Олар 15 күннің ішінде үкімді қайта қарауға шағым түсіруге құқылы», — деді қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет.

Ал, сотқа арызданған саудагерлер болса бұл шешіммен келіспейтіндерін айтты.


«Біз құжаттың бәрін қазақшаға аударып әкелген болатынбыз. Сот неге мұндай шешім қабылдағаны түсініксіз. Мен өз басым күйік шалған мүлкімнің шығыны қайтарылатынына сенбеймін», — деді саудагер Пазена Абдикадирова. 

Естеріңізге сала кетейік, былтыр тілсіз жау «Құлагер» базарында орналасқан 294 қойманы шарпыған болатын.

Жалпы алғанда, өрт салдарынан мемлекетке 12 млн. теңге, ал жеке кәсіпкерлерге 290 млн. теңге көлемінде залал келтірілді.