Алайда АҚШ дипломаттары бекетті алмақ түгілі, ардагерлерді бір айдан аса күткізіп жауап та қатпай отыр. Ашуға булыққандар бүгін тағы бір мәрте Бас консулдың шығуын талап етіп, үндеулерін қалдырды. Бірақ, бұл жолы хаттарын дипломатқа емес, АҚШ президенті Барак Обаманың өзіне арнапты. Олар халықтың талабына құлақ аспайтын елшіні елдеріне қайтаруды сұрап отыр. Талап хаттың тағы үш нұсқасын ардагерлер прокуратура, қалалық әкімдік пен Сыртқы Істер Министрлігіне жолдады.
Байқал Хамзин, Ауған соғысы ардагерлері үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасары:
— Американың кимімен адамдар сізді тоқтатып, қаланың ортасында тексереді. Мен оның кеңсесіне, ешқайсысына бара жатқан жоқпын. Көшед келе жатқан адамды өзге ел тексереді деген енді қалай ол? Мысалға сіздің КТК-ға барып қойып қойса, енді ақша жинасын онда.