Жарияланды: 420

Алматыда Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңеске қатысушылар құрлықтағы қауіпсіздікті нығайту шараларын талқылауды одан әрі жалғастырмақ

26-28-қарашада Алматыда Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңеске қатысушы елдердің арнайы жұмыс топтарының отырысы өтеді. Оған қатысушылар сенім шараларының жиынтығын жасау жұмысын одан әрі жалғастырмақшы. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан хабарлады.

Отырыста сарапқа салынатын бұл құжатта әскери, саяси, экономикалық, мәдени және экология салаларындағы шаралар кешені жинақталған. Ол Азиядағы сенім шаралары мен қауіпсіздікті нығайтуға қызмет етуі тиіс. Сондай-ақ, 30-қараша мен 2-желтоқсан аралығында Алматыда ұйымның хатшылығы туралы ережелер мен Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес процедуралары тәртіптерінің жобасын жасау жөніндегі арнайы жұмыс топтарының отырысы өтеді. Бұл құжаттар кеңес хатшылығын құруға және оның жұмыс істеуіне құқықтық негіз қалайды. Ережелерде төрағалықты алмастыру тәрізді бірқатар процедуралар көрініс табады. Қатысушылар сондай-ақ, академиялық салалардағы ынтымақтастық және Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес шараларын хаттамалық тұрғыда қамтамасыз ету жөніндегі басшылық принциптерінің жобасын қарайды. Бас қосуларға Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес ұйымына қатысушы елдердің сыртқы істер министрліктерінің, бақылаушы елдер мен халықаралық ұйымдардың сарапшылары қатысады. Алматыдағы отырыстардың талқысына ұсынылатын құжаттар жобасын 2004-жылға межеленген сыртқы істер министрлерінің бас қосуына қатысушылар да қарайды деп күтілуде. Ал біржола дәйектелген құжаттар Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңеске мүше елдердің мемлекет бсшыларының екінші саммитінде бекітіледі .

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін