Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиынға қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар мен мәдениет саласының өкілдері қатысты.
Кеш барысында қатысушылар қаламгердің өмір жолы мен қазақ әдебиеті, музыкасы және театр өнерінің дамуына қосқан үлесін кеңінен сөз етті.
Сонымен қатар іс-шара аясында ақынның шығармаларын қамтыған «Есіңе ал» атты жыр жинағының таныстырылымы өтті.