«3 наурызда сағат 8-де «Тұлпар» ЖШС бетон араластыру құрылғысының дәнекершісі жұмыс істеп жатқан БСУ редукторы мен қоспалауыштың арасына түсіп қалды. Алған жарақаттардан жұмысшы медициналық жедел жәрдем қызметі келмей жатып оқиға орнында көз жұмды», — деп хабарлады «Алматы қалалық құтқару қызметі».
Бұл оқиғаға байланысты істі Алмалы аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушілері мен еңбекті қорғау департаменті айналысып жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті