Алматыда "Білім - жақсы өмірдің негізі" деген тақырыпта сапа жөніндегі халықаралық форум өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда "Білім - жақсы өмірдің негізі" деген тақырыпта сапа жөніндегі халықаралық форум өтеді

Алматыда "Білім - жақсы өмірдің негізі" деген тақырыпта сапа жөніндегі халықаралық форум өтеді

Алматы. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылдың 18 - 20 қыркүйегінде Алматы қаласы әкімдігінде "Білім - жақсы өмірдің негізі" деген тақырыпта сапа жөнінде халықаралық Алматы форумы өтеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 17 Қыркүйек 2008
  • 690
Фото - Caravan.kz

Форум Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің, «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқарудың Қазақстандық холдингі» АҚ, «Атамекен» Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасының», жапондық Халықаралық іскерлік байланыс агенттігінің, «Экспортты дамыту мен қорғау корпорациясы» АҚ-ның, «Қазына» тұрақты даму қорының қолдауы аясында ұйымдастырылып отыр.

Форумның жұмысшы органы — Қазақстан Республикасы сапа жетекшілерінің Ассоциациясы.

Форумның спикерлері — Жапония мен АҚШ -тың, Англияның, Ресейдің, Украинаның және басқа да сапаны ұйымдастырудың Европалық ұйымына (EOQ) мүше елдердің танымал ғалымдары мен мамандары, Сапаны басқарудың Европалық Қорының (EFQM) сарашылары, Сапа жөніндегі Американдық қоғамдастықтың (ASQ) мүшелері, ТК ISO 1769001:2000, ISО 14000, OHSAS 18000, НАССР/ISO 2200 стандарттары бойынша жұмыс істейтін Ресей өкілдері, статистикалық мәліметтермен айналысатын мамандар, Халықаралық сапа гильдиясының толық мүшелері, сапа мәселесімен шұғылданатын Ресей академиясының академиктері, сапа менеджменті бойынша Европалық және Ұлттық марапаттарға ие болған жеңімпаз кәсіпорындар басшылары, сертификация жөніндегі танымал ұйымдардың жетекші аудиторлары, консалтингтік компаниялардың мамандары.

Форум бағдарламасының негізі тақырыбы — халықаралық ISO 9001:2000, ISО 14000, OHSAS 18000, НАССР/ ISO 22000 стандарттарына және модельдерге негізделген әдістер бойынша компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Форумның басты ерекшелігі қазіргі заманғы әдістер мен менеджмент туралы ақпарат беру ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасы мен басқа да елдердің жетекші кәсіпорындарының озық тәжірибесі негізінде баяндамалар жасау әрі сапаны арттыру жолдарын қарастыру болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар