Алматыда бір оқушы мектепте газ баллонынан газ шашу салдарынан бірнеше адам уланды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бір оқушы мектепте газ баллонынан  газ шашу салдарынан бірнеше адам уланды

Алматыда бір оқушы мектепте газ баллонынан газ шашу салдарынан бірнеше адам уланды

АЛМАТЫ. 6-сәуір. Kazakhstan Today. Алматыда бір оқушы мектепте газ баллонынан газ шашу салдарынан бірнеше адам уланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 6 Сәуiр 2007
  • 479
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқиға №159 орта мектепте болған. Жоғарғы сыныптың 16 жастағы оқушысы сабақ кезінде «Перцовый шок» деп аталатын газ баллонынан газ шашып жіберген. «Улану белгілерімен 4 адам дәрігерлік көмекке жүгінді, олардың арасынан бір оқушы қыз ауруханаға жатқызылды, қалғандары ауруханаға жатудан бас тартты»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Министрлік ақпаратына сәйкес, оқушы қыз орташа жағдайда ауруханадан шығарылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті