Алматыда бірнеше үйдің тұрғындары қоғамдық пайдаланудағы жерлерді басып алуға қарсылық білдіруде - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бірнеше үйдің тұрғындары қоғамдық пайдаланудағы жерлерді басып алуға қарсылық білдіруде

Алматыда бірнеше үйдің тұрғындары қоғамдық пайдаланудағы жерлерді басып алуға қарсылық білдіруде

Алматы. 11 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда Желтоқсан - Шевченко - Чайковский - Құрманғазы көшелерінің арасында орналасқан тұрғын үйлердің тұрғындары бүгін олардың ауласында үш зәулім ғимараттан тұратын бизнес орталық салғысы келген "Импульс СМ" ЖШС құрылыс компаниясының қоғамдық пайдаланудағы жерлерді басып алуына қарсылық білдірді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі. Тұрғындар өз аулаларының ортасына жиналып, "Сырдарияға бөгет, далада қала салыңдар" ("Стройте дамбы на Сырдарье и города в степи") деген қолдан жасалған плакат іліп қойған.

  • 12 Наурыз 2008
  • 657
Фото - Caravan.kz

«Орталық» пәтер иелерінің тұтынушылар кооперативінің төрайымы Әсия Байшұғашеваның айтуынша, «Импульс СМ» ЖШС компаниясы осы ауланың төрт үйінің пәтерлерін сатып алған. Ал ол үйлердің тұрғындары көшіп кеткен. Компания пәтерлерді сатып алумен «Алматыжер» МҚК рұқсаты негізінде айналысқан.

«Содан кейін олар сатып алған жерден басқа ауланың өзге бөлігіне көз тікті. Оның ішінде трансформатор алаңы да бар. Олардың айтуынша, «Алматыжер» оларға осы жерді берген. Сайып келгенде, олар ауланың басым бөлігін басып алғандықтан, адамдар осы үйлерге жапсарлас салынған тротуардан басқа жүретін жер қалмады. Жиырма жылдан астам уақыт бұрын салынған ағаштар, үш балалар алаңқайы, спорт алаңдары жоғалады», — деп хабарлады Ә. Байшұғашева.

Оның айтуынша, бизнес орталығы екі 8 қабатты және бір 12 қабатты үйден тұратын болады. Яғни, адамдар не жарықсыз, не ауасыз қалады. Алайда, ең бастысы, аула ортасында жер асты және жер үсті автотұрақтары салынады. Бұдан үнемі зиянды газ тұнып тұратын болады.

Тұрғын үй орамына кіретін үйлердің тұрғындарының талаптары құрылыс компаниясы алғашында сатып алған және заңдық рұқсаты бар жерлермен ғана шектелулері тиіс дегенге саяды. Тұрғындардың айтуынша, қалған аумақты пайдалануға рұқсат беретін компанияның еш рұқсаттамасы жоқ.

Тұрғындар шағымданған Алматының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті осы жоба бойынша жасаған тұжырымдамада жобасы жасалған бизнес орталықты салу үшін қажетті құжаттардың жоқ екенін жазған.

Сонымен бірге, экологтардың тұжырымдамасында «бизнес орталық аумағының бас жоспары ҚР-ның 2002 жылғы Санитарлық нормалары мен ережелерін бұза отырып жасалған» деп көрсетілген. Атап айтқанда, осы ережеге сәйкес екі биік ғимараттың арасы кем дегенде 20-25 метр болуға тиіс екен. Ал болашақ кешеннің үйлерінің бірі Құрманғазы көшесіндегі бұрыннан бар 69-шы үйден 12 метр жерде ғана орналасқан.

Сондай-ақ, Алматының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті №120 гимназия құрылысқа жақын орналасқанына назар аударған. Онда оқитын балалар Құрманғазы мен Желтоқсан көшелерінің қиылысынан өтеді. Ал құрылыс компаниясы ол жерді шығатын жердің біріне айналдырмақшы.

Тұжырымдамада кешенде жоспарланған тұрақтар санының жеткіліксіздігі көрсетілген. Ал сонымен бірге, қабылданған тұрақ санының әсері қате есептелген.

«Біз сәулет және құрылыс департаментіне шағымдандық. Бізді бас сәулетші қабылдап, оларда бұл жобаның жоқ екенін жеткізген. Содан кейін біз жазбаша түрде осы өрескел қателіктері бар жобаны салуға кім рұқсат бергенін сұрадық. Бұл жоба сәулет және құрылыс департаментінде жоқ деген жауап алдық. Мемлекеттік сәулет-құрылыс қадағалаудан да сұрадық. Оларда да бұл жоба болмай шықты», — деді «Жұлдыз» пәтер иелерінің тұтынушылар кооперативінің төрайымы Мэрама Оспанова.

«Компанияның қаржылық директоры осы сатып алынған барлық жердің иесі Руслан Байсалов деді», — деп хабарлады М. Оспанова. Оның айтуынша, адамдар шеруге және өзге де азаматтық қарсылық акцияларына шығуға дайын.

«Орхус конвенциясы бар. Қазақстан бұл конвенцияны ратификациялаған. Біздің қатарынан екі пәтер иелерінің тұтынушылар кооперативінің адамдары талап етуде. Біз әртүрлі органдарға жазудамыз. Біз өз мүддеміздің қорғалуын біздің шағымдарымызды халықаралық сот қарағанға дейін талап ететін боламыз», — деді М. Оспанова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті