Алматыда бірқатар көше жабылып, су беру тоқтатылады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бірқатар көше жабылып, су беру тоқтатылады

Алматыда бірқатар көше жабылып, су беру тоқтатылады

Алматыда Желтоқсан көшесі жабылып, бірқатар нысанға ыстық су беру тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Әкімдіктің таратқан мәліметіне сәйкес, аталған аймақта орналасқан жылу құбырлары жөнделеді.

  • 22 Маусым 2017
  • 249
Фото - Caravan.kz

«23 маусым күні сағат 09.00-ден 26 маусым 06.00-ге дейін Желтоқсан көшесінің бірқатар бөлігі жабылады. Атап айтқанда, Желтоқсанның Шевченко, Қарасай батыр, Әйтеке би көшелерімен қиылысатын, сондай-ақ Мақатаев-Мәметова көшелері аралығындағы бөліктері жол қозғалысы үшін жабылады»,- деді баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, жөндеу жұмыстарына байланысты Фурманов — Құрманғазы — Чайковский — Жамбыл; Фурманов — Қабанбай батыр — Чайковский — Бөгенбай батыр; Панфилов — Қазыбек би — Чайковский — Гоголь; Абылай хан — Мақатаев — Чайковский — Маметова квадраттарында орналасқан нысандарға ыстық су беру тоқтатылады.



 

Соңғы жаңалықтар