Алматыда BMW жүргізушісі жаппай жол апатына себепкер болды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда BMW жүргізушісі жаппай жол апатына себепкер болды

Алматыда BMW жүргізушісі жаппай жол апатына себепкер болды

Алматыда BMW Х5 автокөлігі жүргізушісінің кесірінен жаппай жол апаты болды. Оқиға Абай және Алтынсарин даңғылдарының қиылысында орын алған. 

  • 9 Желтоқсан 2016
  • 684
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлады.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, BMW X5 Абайдың бойымен шығыс жаққа қарай олай-бұлай орағытып, құйындатып келе жатыпты. Қиылыстың алдында ол Toyota-ның айнасын іліп кеткен. Одан кейін бар жылдамдығымен келіп ВАЗ-2114-ке соғысты. Ресейлік көлік қатты соққыдан цемент қаритын техникаға барып соғылған.


Ал BMW X5 басқа бағыттағы Renault-ты қаққан. 

Құдай сақтап, жол апатынан адамдар зардап шеккен жоқ. Қазір құқық қорғау орындарының қызметкерлері оқиғаның себеп-салдарын анықтаумен айналысуда.

Соңғы жаңалықтар