Жарияланды: 400

Алматыда Болгарияның "Балканфарма-Холдинг" фирмасының өкілдігі төрайымының пәтеріне қарулы шабуыл жасалды

20-қазанда түнгі сағат үштер шамасында Алматыда Болгарияның "Балканфарма-Холдинг" фирмасы өкілдігінің төрайымы Н есімді азаматшаның пәтеріне қарулы шабуыл жасалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық ІІББ-ның баспасөз орталығынан хабарлады.

Қабанбай батыр даңғылының бойында орналасқан пәтердің есігін бұзып кірген үш беймәлім қылмыскер Н есімді азаматшаны байлап тастап, пышақпен қорқыту арқылы бағалы мүліктерін беруге мәжбүр еткен. 4 мың АҚШ доллары, банк карточкасы, алтын зергерлік бұйымдар мен құндыз тонды иемденіп алған шабуылшылар іздерін жасырып үлгерген. Жалпы шығын көлемі 2 млн. 300 мың теңгені құрады. Қазір бұл іс бойынша тергеу жүргізілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін