Алматыда дәмханада өрт шығып, бір адам зардап шекті
Астана. 24 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда дәмханада өрт шығып, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
ТЖМ ақпаратына сәйкес, Алматының Медеу ауданы Пушкин көшесіндегі "Береке" дәмханасында 23 қыркүйекте сағат 10.07-де 150 шаршы метр аумақта өрт шықты. Соның салдарынан дәмхана әкімшісі 2-ші дәрежелі күйікке шалдықты. Ол ауруханаға жатудан бас тартты.
Өрт сағат 12.29-да ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 23 адамы мен 3 техникасының күшімен сөндірілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін