Жарияланды: 690

Алматыда дәрігерлер мен провизорлардың қалалық кеңесі өтеді

Бүгін, 28-қазанда Алматыда дәрігерлер мен провизорлардың қалалық кеңесі өтеді. Мамандар еліміздегі медицина саласының даму проблемалары туралы талқылайды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстан дәрігерлері мен провизорларының қауымдастығынан хабарлады.

Кеңеске дәрігерлік мекемелер, жеке меншік емдеу орталықтары мен медицина қызметкерлері қауымдастығының өкілдері, кеңесші-сарапшылар қатысады. Кеңесте дәрігерлердің кәсіби құқығын қорғау, мемлекеттік және мемлекеттік емес емдеу-сауықтыру мекемелерінің өзара ықпалдастығы, грант, несие және қайтарымсыз қайырымдылық көмектер алудың қосымша мүмкіндіктерін іздестіру жолдары туралы талқыланады. Қазақстан дәрігерлері мен провизорларының қауымдастығы қыркүйек айында Бүкіләлемдік медициналық қауымдастыққа мүшелікке өткен. Кеңесте қауымдастық мүшелері ұйымға мүшеллікке өту арқылы көздеген мақсаттары туралы, соның нәтижесінде қазақстандық дәрігерлер үшін пайда болған тың мүмкіндіктер туралы ақпараттарды ортаға салады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін