Алматыда дәрігерлер тегін ем-дом көрсетіп, пайдалы кеңестерімен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда дәрігерлер тегін ем-дом көрсетіп, пайдалы кеңестерімен бөлісті

Алматыда дәрігерлер тегін ем-дом көрсетіп, пайдалы кеңестерімен бөлісті

Сақтықта қорлық жоқ! Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Алматыдағы клиникалық ауруханасы осындай ұранмен ашық есік күнін өткізді. Дәрігерлер бір күнге қала тұрғындарына тегін ем-дом көрсетіп, пайдалы кеңестерімен бөлісті. Емханаға келушілердің дені әсіресе кардиолог мамандарына мұқтаж екен.

  • 17 Қыркүйек 2013
  • 289
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ мұнда жүрек дәрігерінен басқа терапевт, көз, лор, хирург сынды мамандар да халық үшін қызмет етті. Орталық дәрігерлері әр науқасқа аурудан, оның салдарынан құтылудың жолын көрсетті, кеңес берді. Қан қысымына шағымданған жандар үшін тегін рентген де ұйымдастырылыпты. Бұндай шаралар медициналық орталығының клиникалық ауруханасында жиі өткізіліп тұрады екен. Айта кету керек, қазір орталықта көрсетілетін барлық қызмет бағасы да біршама төмендетілген.


Әмір Ахметов, ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы Орталық клиникалық ауруханасының бас дәрігері :

— Біздің ауруханада тек алматылықтар емес, еліміздің түкпір-түкпірінен келген әр науқас емделе алады. Кейбір сала бойынша ақылы да болуы мүмкін. Бірақ, орталық клиникалық ауруханада сізге тек сапалы жедел жәрдем көрсететінін ұмытпаған абзал.