Алматыда декретте отырған аналардың форумы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда декретте отырған аналардың форумы өтті

Алматыда декретте отырған аналардың форумы өтті

Баламен бірге биікке жетудің мүмкіндігі мол! Алматыда тұңғыш рет декреттік демалыстағы белсенді аналардың форумы өтті.

  • 2 Маусым 2015
  • 219
Фото - Caravan.kz

«Anashym Forum Awards-та» аналар өзара отбасылық тәжірибелерімен бөлісіп, білікті мамандардан кеңес алды. Ал өз саласын өркендетуге үлес қосып жүрген 28 әйел қатысушылар қатарында. Олар «Art ана», «Insta  ана» сынды 7 аталым бойынша марапатталды. Жеңімпаздарды жұртшылық әлеуметтік желілер арқылы таңдаған болатын. Әріптесіміз Жанат Бақыт та форумда «Media ана» атанып, үздіктер қатарынан көрінді. Енді, аналар форумы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілмек.

Дина Төлепберген, жоба ұйымдастырушысы:

— Карьераны да, отбасын да, бала тәрбиесін де, барлығын бірге қатар алып жүрудің мүмкіндігі бар ма, болса қандай деген сауалдар төңірегінде. Осы сауалдарға жауап іздей келе көптеген жаңа ақпараттарды меңгердім, игердім, білдім. Және осы форум арқылы мен осы өзімнің білгенімді және өзгелердің білетінін барша аналарға жеткізбекшімін.