Атап айтқанда, Әузеов және Қарасай батыр көшесінің қиылысында үш көліктің — «ВАЗ-2106», «ВАЗ-2107» және «БМВ» көліктерінің соқтығысуы салдарынан «Жигули» көлігінің жолаушысы қайтыс болды. «Жигули» мен «БМВ» көлігінің жүргізушілері қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.
Басқа жол-көлік оқиғасы Жетісу ауданында, Солтүстік айналма жолда болған. Бұл жерде сенбі күні «Мазда» маркалы көлік мопедпен соғылған. Апат салдарынан мопедтің жүргізушісі қайтыс болған.
Тағы бір адамның өмірін қиған апат Ж. Омаров көшесінде болды. «БМВ» және «КамАЗ» маркалы көліктердің соғылуы салдарынан оқиға орнында жеңіл көліктің жолаушысы қайтыс болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті