Жарияланды: 660

Алматыда дифтерия және көкжөтел ауруларына қатысты республикалық семинар өтуде

Бүгін, 20-қазанда Алматыда Санкт-Петербург ғалымдары мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілдерінің қатысуымен дифтерия және көкжөтел дертіне шалдығу жағдайына эпидемиялық бақылау жасау мақсатына арналған республикалық семинар басталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Республикалық тазалық-індет станциясынан хабарлады.

Республикалық тазалық-індет станциясынан хабарлауынша, 2002-жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 2003-жылы көкжөтелмен ауыру деңгейі 3,3 есе азайып, барлығы 9 жағдай ғана тіркелсе, 2002-жылы 30 жағдай шыққан болатын. Баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, мұндай жағдайға 1 жасқа дейінгі балаларға көкжөтелге қарсы вакцина егу және ревакцинациялау нәтижесінде қол жеткізіліп отыр. Әйтсе де, Ресейдің елімізбен шекаралас аймақтарында тұрғындардың көкжөтелге шалдығу деңгейі арта түсуде. Бұл Қазақстандық мамандардың алаңдаушылығын тудырып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін