Алматыда экологиялық қауіпсіз өндірістер жөніндегі жоба жүзеге асырылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 474.26
  • 514.48
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда экологиялық қауіпсіз өндірістер жөніндегі жоба жүзеге асырылуда

Алматыда экологиялық қауіпсіз өндірістер жөніндегі жоба жүзеге асырылуда

Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығы Алматыда экологиялық қауіпсіз өндірістер жөніндегі жобаны жүзеге асыра бастады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне жобаның менеджері Нұрлан Ескендіров хабарлады.

  • 29 Қазан 2003
  • 455
Фото - Caravan.kz

Н.Ескендіровтың айтуынша, жобаны «Молдова, Грузия және Қазақстан тәрізді таңдалған елдерде өндірістердің экологиялық тазалығын қамтамасыз ету» атты жоба аясында ТАСИС қолдап отыр. Бағдарламаға кәсіпорындар мен мемлекеттік экологиялық бірлестіктердің өкілдері, тәуелсіз экологтар, сарапшылар мен үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері қатысуда.

Қазан айында Алматыда қаладағы екі кәсіпорын сарапшылары үшін ұйымдастырылған алғашқы тренинг өткізілді. Қарашаның 10-14 жұлдызында тәуелсіз сарапшылар, мемлекеттік мекемелер өкілдері мен үкіметтік емес ұйымдардың басын қосқан екінші семинарды өткізу көзделіп отыр. Тренингтерді Ұлыбритания, Польша және Қазақстандық мамандар өткізуде.
Бағдарламаның басты мақсаты Қазақстанда өндірістің экологиялық тазалығы жөніндегі тренер-кеңесшілер желісін қалыптастыру болмақ. Жоба аясында сарапшылар өзара тәжірибе алмасып, бұл бағыттың қазіргі даму жағдайына баға беріледі.