Жарияланды: 90

Алматыда екі жасар қызды ротвейлерлер талап өлтірген

Алматыда екі жасар қызды ротвейлерлер талап өлтірген Сурет - allaboutdogs.ru

Бала дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болған

Алматыда екі жасар қызды ротвейлерлер талап өлтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл оқиға Құрылысшы ықшамауданында болған. Бала дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болған. Кейінірек Алматы қалалық мал дәрігерлік қызметіндегілер қызға өзінің ауласында ротвейлер тұқымды екі иттің шабуылдағанын хабарлады. Ииттер сол қыздың отбасына тиесілі екен. "Жедел шаралар барысында Алматы қалалық мал дәрігерлік қызметіндегілер иттерді алып кетті. Олар қазіргі уақытта иттер мен мысықтарға арналған уақытша оқшаулағышта, мал дәрігерлерінің бақылауында. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу шаралары жүріп жатыр. Осыған байланысты басқармадағылар ит иелеріне "Иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету" ережелерін сақтауға шақырады", - деді ведомстводағылар. Еске салайық, осындай жағдай 2016 жылдың 13 сәуірінде Ақбұлақ ықшамауданында болған еді. Ол кезде көшеде жүрген иттер үш жасар қызды талап өлтірген еді. Қыз бала аулада өзі жүрген болатын.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін