Алматыда еліміздің кедендік мекемелерінің кеңесі өтеді
17-қазанда Алматыда еліміздің кедендік мекемелерінің кеңесі өтеді. Онда кедендік бөлімшелердің өзара ықпалдастығы, кеден ісі саласындағы қылмыстар мен заң бұзушылық әркеттермен күрес мәселесі басты тақырыпқа айналмақ. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады. |
Кеңеске ҚР кедендік бақылау Агенттігі мен еліміздің барлық аймақтарының кедендік мекемелердің өкілдері қатысады.
Бас қосуға қатысушылар еліміздің кедендік қызметін дамыту стратегиясын, кәсіпорындардың сыртқы экономикалық іс-қызметіне тексерулер жүргізуде бухгалерлік және қаржылық есеп беру жөніндегі заңнамаларды қолдану туралы талқылайды. Сондай-ақ, кеден ісі саласындағы экономикалық қылмыстарды әшкерелеу және кедендік мекемелер арасындағы бірлескен іс-қимылдарды жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қаралады.
Кеңесте сондай-ақ, шағын кәсіпкерлік субьектілерін тексеруге шектеу қою шарасының қорытындысы да сарапқа салынбақшы.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін