Алматыда ең үздік аула сыпырушы 200 мың теңгеге ие болады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ең үздік аула сыпырушы 200 мың теңгеге ие болады

Алматыда ең үздік аула сыпырушы 200 мың теңгеге ие болады

Алматыда 1 мамырда «Ең үздік аула сыпырушы-2014» байқауы басталады. Байқауды Алматы қаласының әкімдігі мен «Чисто по-алматински» қоғамдық ұйымы және «Эфес Казахстан» компаниясы ұйымдастырма

  • 29 Сәуiр 2014
  • 673
Фото - Caravan.kz

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара қаланың тазалығын арттырып, тұрғын-үй коммуналдық саладағы жұмысшылардың еңбегін ынталандыруға бағытталған.

Бұл атаққа қаланың 7 ауданынан 7 үміткер іріктеліп алынады. Бірінші орынға ие болған тазалық жаршысы — 200 мың теңге, екінші орын иесі — 150 мың теңге, үшінші орын иесі 100 мың теңге алады.


Байқауға өзіне бекітілген аймақты мұнтаздай таза ұстаған кез-келген аула сыпырушы қатыса алады. Биыл жеңімпаздарды марапаттау шарасы қала күні қарсаңында, яғни қыркүйек айында өтпек.