Алматыда еңбекпен түзеу мекемелерінде бағынбаушылық актілерін ұйымдастырмақшы болған "заңдағы ұрылар" қолға түсірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда еңбекпен түзеу мекемелерінде бағынбаушылық актілерін ұйымдастырмақшы болған "заңдағы ұрылар" қолға түсірілді

Алматыда еңбекпен түзеу мекемелерінде бағынбаушылық актілерін ұйымдастырмақшы болған "заңдағы ұрылар" қолға түсірілді

Астана. 17 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда еңбекпен түзеу мекемелерінде бағынбаушылық актілерін ұйымдастырып, онда өздерінің бақылауын орнатпақшы болған "заңдағы ұрылар" қолға түсірілді, деп мәлім етті ҚР ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бағдат Қожахметов бүгін өткен брифингте, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 17 Наурыз 2008
  • 696
Фото - Caravan.kz

«Еңбекпен түзеу мекемелерінде бағынбаушылық актілерін ұйымдастыратын «заңдағы ұрылар» Грузиядан Алматыға келетіні жөнінде түскен шұғыл ақпаратқа байланысты Алматы қаласының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті мен оңтүстік аймақтық ұйымдасқан қылмыстармен күрес жөніндегі басқармасы қызметкерлері бірлесе отырып өткізген шұғыл іздестіру шаралары барысында 1976 және 1967 жылғы екі Грузия азаматы қолға түсірілді», — деп атап өтті ол.

Б. Қожахметовтың сөздері бойынша, » қолға түскендер заңсыз түрде Алматыда тұрып, ұрылардың идеологиясы мен дәстүрлерін таратқан. Олар Қазақстан территориясындағы қылмыстық топтардың әсер ету салаларын бөлу тізгінді өз қолдарына алып, «ортақ ұрлық -қарлықтан» келіп түсетін қаржыны өз бақылауына алмақшы болған».

«Қолға түсірілгендерге байланысты бұлтартпау шарасы қолданылып, тергеу жұмыстары жүргізілуде «, — деп қорытындылады ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті