Алматыда ертең «Медиа құрылтай» өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ертең «Медиа құрылтай» өтеді

Алматыда ертең «Медиа құрылтай» өтеді

20 қарашада Алматыда «Медиа құрылтай» өтеді. Бұл туралы бүгін елордада өткен брифинг барысында ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникация қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

  • 19 Қараша 2012
  • 303
Фото - Caravan.kz

«20 қарашада Алматыда медиа индустрияның негізін қалаушылар, қоғамдық пікірдің сарапшылары мен белсенділері республикалық медиа құрылтай аясында сыртқы орта мен технологиялық инновациялардың жылдам өзгеруі жағдайында бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы жаңа тұжырымдамасына қатысты мәселелерді талқылайды»,- деді ол.

Ресми өкілдің алға тартқан деректеріне қарағанда, жалпы өткен 4 жыл ішінде конференция жұмысына Қазақстанның барлық аймағынан 1 мыңға жуық адам, сондай-ақ АҚШ, Ресей, Батыс және Шығыс Еуропа Орталық Азия елдерінен сарапшылар қатысқан.

Соңғы жаңалықтар