Іс-шараның салтанатты ашылуында EUNIC Алматы президенті Паскаль Виторж ханым сөз сөйлейді.
Шара бағдарламасына еуропалық білім көрмесі, еуропалық мәдениетке қатысты театр қойылымы мен музыкалық нөмерлер, ойындар және конкурстар кіреді. Сонымен қатар тегін тіл курстары мен емтихандар ұтысқа салынады. Сондай-ақ, іс-шара кезінде Еуропалық тілдер күніне орай «Менің бүгінгі Еуропаға көзқарасым» атты байқаудың нәтижесі хабарланып, жеңімпазға «Turkish Airlines» компаниясынан Түркияға екі әуе билеті табысталады.
EUNIC — Еуропалық Одаққа мүше елдердің ұлттық мәдени ұйымдарының қоғамдастығы. 2006 жылы құрылған бұл ұйым 26 елдің өкілі болып табылатын 30 мүшеден тұрады. EUNIC мүшелерінің 2000-нан аса бөлімшелері дүние жүзінің 150-ден астам елдерінде өнер, білім, мәдениетаралық сұхбат, жастарды қолдау мен даму салаларында жұмыс істейді.
EUNIC Алматы ұйымын 2011 жылы мамыр айында Алматы Француз Альянсы, British Council, Қазақстандағы Гёте-Институты, «Данте Алигьери» комитеті мен Венгрияның Бас Консулдығы бірлесіп құрды. 2013 жылы EUNIC Алматыға Швейцария елшілігі және Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы қосылды. EUNIC Алматының қазіргі президенті — Алматыдағы Француз Альянсының директоры Паскаль Виторж ханым.