Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатовтың Рейхстагқа тіккен Жеңіс туының көшірмесін ҚР Қорғаныс министрлігінің өкіліне салтанатты түрде табыс ету рәсімі өтті.
«Бұл ту алдағы уақытта Астанадағы Армиялық орталық музейге қойылатын болады. Ол музейге келушілерге, болашақ отанқорғаушыларға патриоттық рух беретін болады», — деді «Генералдар кеңесі» РҚБ Төралқасының төрағасы, әділет генерал-майоры, профессор Рүстем Хайдаров.
Ол сонымен қатар, тудың көшірмесін «Генералдар кеңесі» ұйымына Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай, 9 мамыр қарсаңында Мәскеу облысы губернаторының өкімімен берілгенін айтты.
Бүгінгі салтанатты рәсімге ҚР Қорғаныс министрлігі атынан Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Дәулет Оспанов және Кеңестің есеп беру конференциясына жиналған 60-тан астам генерал қатысты.
Салтанатты шара Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімімен аяқталды.

