Құқық қорғау қызметкерлерінің қолында Алматыдағы Travel Express компаниясы қызметкерлеріне шабуыл жасаған күдіктілер түсірілген бейнематериал бар, деп мәлімдеді Ішкі істер вице-министрі Ерлан Тұрғымбаев.
"Олардың екеу болғаны және ақша алу үшін шабуыл жасағаны белгілі болды. Бірақ, олар ақшаны ала алмаған", — деді ол дүйсенбдегі брифингте.
Е.Тұрғымбаевтың айтуынша, күдіктілер байқаусызда мектеп жанында орнатылған бейнекамераға түсіп қалған көрінеді. Бұл полиция қызметкерлеріне күдіктілердің суретін алуға көмектесті.
"Бүгінгі таңда біздің қолымызда күдіктілердің суреттері бар. Қазір олардың аты-жөнін анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Бұл уақыт еншісіндегі шаруа деп есептеймін", — деп атап өтті вице-министр.