Алматыда ірі супермаркеттегі өрт салдарынан төрт адам қаладағы ауруханаларға жатқызылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ірі супермаркеттегі өрт салдарынан төрт адам қаладағы ауруханаларға жатқызылды

Алматыда ірі супермаркеттегі өрт салдарынан төрт адам қаладағы ауруханаларға жатқызылды

АЛМАТЫ. 23 шілде. Kazakhstan Today. Алматыда "Гросс" желісіндегі ірі супермаркеттегі өрт салдарынан төрт адам қаладағы ауруханаларға жатқызылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Алматы қалалық құтқару қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 23 Шiлде 2007
  • 439
Фото - Caravan.kz

Еске сала кетейік, Әуэзов ауданында 11 сағат 12 минутта «Гросс» дүкенінің екі қабатты ғимараты өртенді. Өртке күрделілігіне қарай үшінші санат берілді. Өрт 2560 шаршы метр аумақты шарпыды. Ол 12 сағат 44 минутта сөндірілді.

Өрт салдарынан 300 адам көшірілді. Олардың ішінде алты адам зардап шексе, соның ішінде төрт адам көмірқышқыл газынан уланып, қаладағы түрлі ауруханаларға жатқызылды.
Өрттің шығу себептері белгісіз. Алматы қалалық өртке қарсы күрес қызметі департаментінің анықтау бөлімі тексеру жүргізіп жатыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті