Алматыда кәріз құдығына түскен екі адам өлім аузынан қалды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда кәріз құдығына түскен екі адам өлім аузынан қалды (ВИДЕО)

Алматыда кәріз құдығына түскен екі адам өлім аузынан қалды (ВИДЕО)

Алматыда кәріз құдығына түскен екі адам өлім аузынан қалды

  • 1 Маусым 2020
  • 107
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға Наурызбай ауданында болған. Жолдың бойындағы кәріз құдығына жұмыс істеу үшін түскен екі адам есінен танып  құлаған. Құдық ішіндегі батпақта талып қалған жұмысшыларды ХҚКО қызметкері алып шыққан.  

«Алматы су мемлекеттік мекемесінің жұмысшылары Сабденов пен Бегалиев көшесінің қиылысындағы кәріз құдығына түскен. Ол жерде газ құбыры болған екен. Газдан уланып, екеуі де естен танған. ХҚКО қызметкері Ержан Әдбіразақов пен жолай өтіп бара жатқан тағы бір адам құдыққа түсіп, екеуін алып шыққан. Қызметкеріміз  екі адамның өмірін сақтап қалды», — деді «Азаматтарға арналған үкімет» МК Алматы филиалының қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Жаңыл Әпетова.

Көмек қолын созған адамдар жедел-жәрдем жеткенше, екі жұмысшының есін жиғызып үлгерген. «Алматы су» МКК өкілдері құдыққа құлаған екі адамның өздерінің жұмысшылары екенін растады.

«Кәріз құдығына түскен адамдар – біздің жұмысшылар. Өтім қызметі департаментінің бақылаушылары. Жақын маңдағы дүкендердің есептеуіш құралдарының дұрыс жұмыс істеуін тексеріп жүрген. Құдыққа не үшін түскендері белгісіз. Екі қызметкеріміз қазір ауруханада, жағдайлары жақсы емес, орташа. Су мен кәріс құбырларының құдығы бірдей. Олар оны ауыз судың құдығы деп шатасып түскен болуы мүмкін. Ішкі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деді «Алматы су» МКК қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Ақбота Жылысова.


 

 

Соңғы жаңалықтар