Алматыда кәсіпкерден ақша бопсалаған «жалған полиция майоры» ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда кәсіпкерден ақша бопсалаған «жалған полиция майоры» ұсталды

Алматыда кәсіпкерден ақша бопсалаған «жалған полиция майоры» ұсталды

Алматыда кәсіпкерден 1 млн. теңге көлемінде ақша алу барысында жалған полиция «майоры» ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Алматы қалалық экономикалық қылмысқа пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөзбен байланыс бөлімінің жетекшісі Жақсылық Жақыбаев мәлім етті. 

  • 9 Сәуiр 2014
  • 454
Фото - Caravan.kz


Жақында алматылық кәсіпкер өзінен полиция майоры 30 мың АҚШ долларын бопсалап жүргенін айтып қалалық қаржы полициясына шағымданған. Кейін қаржы полициясы қызметкерлері мен кәсіпкер құзырлы орган қызметкерін бірігіп ұстауды жоспарлайды.

Жүргізілген жедел іздестіру шараларының арқасында 1967 жылы туған азамат ақша алу үстінде ұсталды. Кейін белгілі болғандай, бұл азамат өзінің 1971 жылғы бауыры М.Абдралиновтің тапсырмасымен ақшаны алуға келгенін мойындады. Абдралиновтің үйінде жүргізілген тінту барысында «майор» шеніндегі полиция формасы тәркіленді.

Қазір аталған дерек бойынша Алматы қаласы қаржы полициясымен М.С. Абралиновке қатысты ҚК 177-бабы 3-бөлігі "б" тармақшасымен (аса ірі көлемде алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды.

Айыпты Жетісу ауданы сотының үкімімен қамауға алынды.

Осы тәріздес алаяқтық деректер жиі кездеседі. Сондықтан, Алматы қаласы қаржы полициясы кәсіпкерлерге және қала тұрғындарына жоғарыда аталған азаматтардан жапа шеккен жағдайда Департаменттің кезекші бөлімі 278-73-00, немесе сенім телефоны 144-ке хабарласуды өтінеді.