Алматыда кеден қызметкерлері 10 айда валюта контрабандасына жасалған 27 әрекетке тосқауыл қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда кеден қызметкерлері 10 айда валюта контрабандасына жасалған 27 әрекетке тосқауыл қойды

Алматыда кеден қызметкерлері 10 айда валюта контрабандасына жасалған 27 әрекетке тосқауыл қойды

Алматы. 9 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қалалық кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері 10 айда валюта контрабандасына жасалған 27 әрекетке тосқауыл қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 9 Қазан 2008
  • 419
Фото - Caravan.kz

«Тек ағымдағы жылдың 10 айында экономикалық контрабандаға қатысты 27 дерек бойынша $1,4 млн, 49 мың евро, 525 мың корей воны, 4 мыңнан астам қытай юанін алып шығудың жолы кесілді», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, салмағы 90 килограмм зергерлік бұйымдары Қазақстан аумағына рәсімдеусіз заңсыз енгізуге байланысты тәркіленді.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, ағымдағы жылдың 4 қазанында Алматы қаласының халықаралық әуежайында валюта контрабадасының жолы кесілген. «Алматы-Үрімжі бағытындағы рейс жолаушыларын тіркеу кезінде «Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлері Қазақстан азаматынан декларацияда көрсетілмеген 29 900 АҚШ долларын тауып, тәркілеген»,- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер. Тағы осы рейстің бір жолаушысы 20 мың АҚШ доларын алып өтпек болған.

«Ал 6 қазанда Алматы — Шаржа рейсін тіркеген кезде біріккен Араб Әмірліктеріне $46 мың алып өтпек болған екі азамат ұсталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар