Жарияланды: 440

Алматыда кедендік бақылауға арналған аймақтық семинар-кеңес басталды

Бүгін, 12-қарашада Алматыда "Тәуекелділікті басқару және бағалауға негізделген тиімді кедендік бақылау" тақырыбында аймақтық семинар-кеңес басталды. Бұл туралы ЕурАзЭҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

Семинар Әлемдік банк пен ЮСАИД-тың қаржылық демеушілігі арқасында ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің қолдауымен өткізілуде. Семинардың басты мақсаты - кедендік бақылауды жүзеге асыруда тәуекелділікті басқару және талдау жүйесін қолданысқа енгізуге бағытталған біртұтас концепция жобасын жасауға саяды. Семинарға ЕурАзЭҚ-қа мүше бес мемлекет- Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның кедендік қызметтерінің өкілдері қатысуда. Сондай-ақ, бақылаушы ретінде Түрікменстан және Өзбекстанның кедендік қызметтерінің өкілдері, ал сарапшы ретінде халықаралық ұйымдардың өкілдері шақырылған. Кеңеске ЕурАзЭҚ бас хатшысының орынбасары Серік Пірімбетов қатысады. Семинар жұмысы 14-қарашада аяқталады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін