Алматыда келіншекке қару кезенген жүргізуші 7 тәулікке қамалды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда келіншекке қару кезенген жүргізуші 7 тәулікке қамалды

Алматыда келіншекке қару кезенген жүргізуші 7 тәулікке қамалды

Қару кезеңген «Range Rover» жүргізушісі ұсталып, жауапқа тартылды. Алматылық тәртіп сақшылары жол ережесін бұзып, тізгіндегі балалы келіншекті тапаншамен қорқытқан тентекті екі күннен кейін қолға түсірген.

  • 19 Сәуiр 2014
  • 368
Фото - Caravan.kz


– Көлігімен дабыл берді. Тіпті сұқ саусағын көрсетті. Дауыс көтерді. Мен тапаншаны келіншекке емес, доңғалағына кезенгенмін. Атып жіберсем ешқайда кете алмайсың деп.

Қымбат темір тұлпар тақымдаған жігіттің осы әрекеті кішігірім бұзақылық деп саналуда. Оның ісі бірнеше сағат бұрын сотта қаралып, бұзақы 7 күнге темір торға жабылды. Одан өзге тағы төрт бап бойынша әкімшілік жазаға тартылған. Яғни көлікті құжатсыз басқару, жолдағы басымдыққа ие жүргізушіге жол бермеу, қауіпсіздік белдігін тақпау және сақтандыру полисінің жоқ екені анықталған. Сондықтан ол 64 мың 780 теңге көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. 28 жастағы Ренат Насыров екі баланың әкесі, ал өзі жеке кәсіпкерлікпен айналысады екен. Ал Range Rover айып тұрағына жөнелтілді. Айтуынша, сол күні оның «Барахолкадағы» бутигінің бірі сүріліп, көңіл күйі болмаған екен.