Алматыда кезекті астыртын ойынхана жойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда кезекті астыртын ойынхана жойылды

Алматыда кезекті астыртын ойынхана жойылды

Алматы. 30 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қалалық ІІД қызметкерлері астыртын ойынханаларды анықтауға бағытталған кезекті кешенді іс-шаралардың нәтижесінде қала орталығындағы бір мейрамханада орналасқан осындай бір мекемені тауып, жойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 30 Қазан 2008
  • 363
Фото - Caravan.kz

«Бұл жерде бизнес кеңінен жолға қойылған екен. Залда көзір ойнайтын жеті үстел, үш рулетка, 22 ойын автоматамы және бір электронды рулетка орнатылған. Мекеменің кассасынан 2 млн 376 мың теңге, 19 800 доллар, номиналы 25 доллардан 10 мың доллар аралығындағы ойын фишкалары (3252 дана) табылып тәркіленді. Ойын залында болған 15 адам ұсталып, сұралды», -деді Алматы қалалық ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бастығы, полиция полковнигі Валерий Козлов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар