Алматыда кезекті жасырын ойынхана анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда кезекті жасырын ойынхана анықталды

Алматыда кезекті жасырын ойынхана анықталды

Алматы. 19 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматы полицейлері 17 наурызда кезекті ойынхананы анықтады. Бұл жөнінде "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 19 Наурыз 2008
  • 446
Фото - Caravan.kz

«Тіпті ойынханаларды жариялы түрде бірнеше рет жабу мұндай орындардың иелеріне сабақ болмаған тәрізді. Олар заң нормаларына қарама-қайшы келе отырып, астыртын, мемлекеттен табысын жасырып, салық төлемей өз қызметтерін одан әрі жалғастыруда. 17 наурызда Алматыдағы Райымбек даңғылының бойындағы тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде орын тепкен кезекті ойын залы анықталды. Ол тек бірқатар ойыншыларға ғана ашық болған», — деп хабарлады Алматы қалалық ІІД сыбайлас қылмыспен күрес басқармасының бастығы полиция полковнигі Валерий Козлов.

Оның айтуынша, барлық 39 ойын аппараты мен бір электронды америка рулеткасының ешқайсысы бос болмаған. Тінту кезінде тәркіленген астыртын орынның қаржылық қызметін есепке алу дәптеріндегі жазбаларға қарағанда клиенттердің ұтыстары ұялы байланыстың балансын толтыру карттары арқылы жүзеге асырылған. Алайда, полиция қызметкерлері бұның тұрақты клиенттерді ынталандырудың жалғыз әдісі еместігін жоққа шығармайды.

«Әдеттегідей, мұндай жағдайларда бұрын жасаған операцияларымызды негізге аламыз. Ол оқиғалардың барысында орын кассасынан тек ұялы байланыс қызметін төлеу карттары ғана емес, бензин талондары, фишкалар және ақша қаражаттары тәркіленген болатын. Біз сол арада осы ойынхананың иесінің аты-жөнін анықтадық. Ол сондай-ақ, қаланың ЖШС бірінің де құрылтайшысы болып табылады. Қазіргі уақытта қылмыстық істі қозғау мәселесі шешілу үстінде. Терең тексерулер жүргізіліп жатыр», — деп атап көрсетті В. Козлов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті